Тойға барғандар да айыппұл арқалайды

Express Qazaqstan
egemen.kz

Сақтансаң сақтайды

Жалпы біз өзі самарқаулығымыздан тартамыз не тартсақ та. Ғаламдық пандемияға пысқырмайтындардың зардабын өзгелер тартып келеді.

Күн санап елімізде ковид вирусын жұқтырғандардың қатары артып бара жатқанына байланысты қатаң карантиндік шектеулер енгізілсе де талапқа бойұсынуды емес, дарақылануды дәру көретіндер азаймай тұр.

Той демекші, Батыс Қазақстан облысында енді тойды жасағандар мен ұйымдастырушылар, мейрамхана әкімшісі ғана емес, сауық іздеп келген қонақтарға да 83 мың теңге айыппұл салынбақ. Батысқазақстандық санитарлық эпидемиологиялық мекеме мамандары дабыл қағып, өңірде ауру жұқтырғандардың саны өршіп бара жатқанын айтты. 600 мыңнан астам тұрғыны бар Батыс Қазақстан облысында төрт күн ішінде 355 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл дегенің енді халқының саны 600 мыңнан асатын облыс үшін өте көп көрсеткіш.   

1 сәуірден асбтап Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша дәмхана, асхана, мейрамханалардың жұмысы кешке сағат 10-ға дейін ғана жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді. Бассейн, фитнес орталықтар, монша, сауна, СПА салондарының жұмысы тоқтатылады. Мектеп оқушылары да төртінші тоқсанды қашықтан оқу жүйесі бойынша онлайн оқиды. Орал қаласындағы мектептерде әр сыныпқа тек 15 балаға дейін ғана қабылдап, кезекші сыныптарды оқытуға рұқсат етіледі. Балабақшада да дәл солай кезекші топтағыларды ғана қабылдайды. 9,10,11 сынып оқушыларының 70 пайызы қатаңдатылған карантин режимін сақтай отырып, білім алса, қалған 30 пайызы онлайн жүйесімен білім алуын жалғастырады.

Сақтану, қамсыз болмау тек батысқазақстандықтар үшін ғана емес, барлығымыздың да бас амандығымыз тәртіпке тікелей байланысты. Жуырда әнші Қайрат Нұртас Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде туған күн тойлаған «ағасын» құттықтай барамын деп басы дауға қалды. Карантиндік шектеу талабын бұзғаны үшін 83 мың теңге айыппұлын арқалады. Әрине жанындағы жолдастарымен тек түскі астың өзіне 250 мың теңгеге дейін шығындайтын әнші үшін айыппұл қалтасын ойып түспейтін де шығар. Бірақ ел алдында жүрген азаматтардың өзі осындай оспадарлыққа баруы оларды кумир тұтатын оқырмандары, жанкүйерлеріне теріс әсер ететін сөзсіз. Дәл қазір той тойлайтын, арқаны кеңге салатын кезең емес. Тек сақтану керек. Өзіңді сақтау – айналаңның да амандығына жауапты болу деген сөз. Қауіпті індеттен арылған соң той да, торқа да да табылады. Ең бастысы ел аман, жұрт тыныш болсын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров