Анаға деген құрметтің бірі – «Ұмай» бағдарламасы

Express Qazaqstan
atpress.kz

Тұрғын үй

Елімізде үй кезегінде тұрғандардың саны 600 мыңға жетіп жығылады екен. Оның ішінде толық емес отбасы есебінде кезек алған адамдар 120 мыңнан асып жығылады.  Көп балалы отбасы ретінде тіркелгендерің саны – 48 мыңға жеткен.  Әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасының   тұрғын үй нарығында қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді.

«Отбасы банк» 12 сәуірден бастап нәзік жандыларға арналған «Ұмай»  ипотекалық бағдарламасын іске қосатын болды. Ақжолтай хабарды әлеуметтік желіде жариялаған банк басшылығы ипотекалық қарыз берудің мерзімі 25 жылға дейін дейді.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Қатысушының басында пәтері бар-жоғы қарала ма? «Экспресс К» оқырмандарына да қызықты сауалды тарқатып көрелік.

Банк басшылығы «Ұмай» бағдарламасына қатысуға өтініш өткізетіндер  тек әйел заты болуы керек дейді.  Бағдарламаға қатысушы салымшының басында пәтері бар ма, жоқ па маңызды емес. Ең бастысы алатын үйіңіздің  15 пайыз жарнасын алдын-ала банктен депозит ашып жинасаңыз болғаны. Болмаса осы соманы бірден құйып та қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Ең басты қойылатын талап отбасы мүшелерінің табысын қосқанда 320 мың теңгеден аспауы керек айлық еңбекақыңыздың мөлшері.

Бағдарламаның несие мөлшерлемесі 12 пайыз, тұрғын үйдің негізгі қарызына ауысқан сәтте бірден 3,5 пайызға төмендейді екен. Бағдарлама бойынша 30 миллион теңгеге дейінгі үйлерді  рәсімдей аласыз.

Банк менеджерлері «Ұмай» бағдарламасына қатысушыларға несие қандай сомада берілетінін былай есептейді. Мәселенки сіздің күйеуіңіз бен өзіңіздің ай сайынғы табатын нәпақаңыз 200 мың теңге болса, алатын үйіңіздің 85 пайызына дейін несие береді. Айталық 10 миллион теңге болатын бір бөлмелі пәтерді алғыңыз келеді. Онда сіз 15 пайыз жарнасы 1,5 миллион теңгені құясыз. Қалған 8,5 миллион теңгені «Отбасы банк» несиеге береді.   Ал енді отбасыңыздың табысы 320 мың теңге болса,  10 миллион теңгеге үй аламын десеңіз 20 пайызын құясыз, қалған 80 пайызы, яғни 8 миллион теңгені банк несиеге рәсімдеп береді.

«Ұмай» әйелдерге арналған ипотекамен тұрғын үйді алғашқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады. Одан сырт тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз келсе де осы бағдарлама арқылы несие ала аласыз. Өтініш беруші әйелдің өзінің атына рәсімделген үй болуы керек, болмаса меншік иесінің бір болуы шарт. 

Бағдарламаға қатысушылардың табысы жетпесе заем алушы 1 не 2 адамды кепілгер (гарант) ретінде тартуға болады.

Елімізде тұрғын үй секторының айналасындағы қордалы мәселе шаш етектен. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық бұл саланы да буындырып тұр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров