Түркістанда тұтас бір ауыл жекешеленіп кетті

Express Qazaqstan
© Sputnik

Түркістанда тұтас бір ауыл жекешеленіп кетті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылында әкімдікке қарасты жер телімдері кәсіпкерлерге бөлініп кеткен. Ауыл ішін сатқан әкім-қаралар енді мал жайылатын жерлерді гектарлап сатып жатыр дейді тұрғындар. Кезінде үлгілі ауылды бас-аяғы 20 жылда бизнеске үлестіріп түк қалдырған жоқ деген шарбұлақтықтар жекеге кеткен жерлерді прокурорлар мен жемқорлыққа қарсы құзырлы орындар түгел тексерсін деп талап қойды.

Шарбұлақ ауылы кезінде Қазығұрт ауданындағы үлгілі ауыл болған. Талай спорт шеберлері мен еңбек ерлері шыққан мекен соңғы 15-20 жылда құлдырап кетіпті. Себебі, ауылдық клуб пен спорт үйірмелері жекеменшікке өтіп, ақыры жабылып тынған. Енді егде менен жас көше кезіп, бөтелкеге құмартып барады дейді ауыл ақсақалдары.

«Бұл жерде күндіз-түні жастар шықпайтын тұғын спортпен шұғылданып. Қазір, бұлардың барлығы жекешеленіп кетті. Жастардың спортпен шұғылданатын ешқандай мүмкіндігі жоқ. Әзір қай жер болса сонда қаңғып жүр. Бұзықшылық, арақ ішу, карта ойнау. Баратын жер жоқ. Айналысатын нәрсе жоқ»-дейді   Қазығұрт ауданының тұрғыны Шәкір Нұржігіт.

Басқаны былай қойғанда қазір Шарбұлақта мал жаятын жерде қалмаған. Халық саны көбейіп жатыр деген желеумен атқамінерлер жайылымдарды сатып жатыр екен. Бірақ, ауылда алды 25 жылдан бері жер кезегінде тұрған бірде-бір тұрғынға тегін телім бұйырмапты.

«Гектарлап алынған жерлдер әкімдікте туыстары бар, жер бөліміне қатысы бар адамдар, сол жер бөлімінде істейтін адамдар гектарлап сол жерлерден жер алып жатыр. Біздерге жер жоқ. Қарапайым адамға жер жоқ.Ауылда неше адам кезекте тұр жерге. Олар барса жер жоқ дейді. Ақшасы бар адамға жер табылады деп қынжылды Қалжан Елшібаев.

Үй салу үшін ұлтарақтай жер сұрап жүрген Шарбұлақ ауылының тұрғындары енді жайылым жерінен де айрылып жатыр. Себебі, қой мен жылқысын жайып жүрген мына жер аяқасты мақсаты өзгеріп, үй салуға арналған учаскелер болып шыға келіпті. Мұны жұрт бүгін біліп отыр. Ал, бұл жерде мынадай кәсіпкерлік қора-қопсылар тұр. Бірақ, олардың қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін аудандық шенеуніктерде айта алмайды.

Шарбұлақ тұрғындары шулап жатыр деген соң аудан басшыларына дейін жетіп келді. Ондаған гектар жайылым жердің мақсатын өзгертіп, жер учаскелеріне бөліп жатқанымыз рас дейді. Тіпті, сол телімдердің ауыл тұрғындарының бірде біреуіне бүгінге дейін тегін берілмегеніне дейін мойындап отыр.

Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов: 

5-6 бала-шағасы бары арыздарын жазсын. Комиссияда қараймыз,егер инфрақұрылым болса жерді береміз. Кезек жоқ. Ауыл ішінде болатын болса, электрі мен суы жақын болса беруге болады дейді.

Яғни, шенеуніктер жайылым жердің мақсатын өзгеріп, тұрғын үй салуға деп бөлгенімен инфрақұрылымның нақты қашан жүретінін айта алмайды. Ал, түгелдей жекешеленіп кеткен Шарбұлақ ауылындағы сатылымдарды тексерсе талай былық ашылатынына сенімді тұрғындар прокуратура мен облыс әкіміне дейін арызды қарша боратпақшы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров