Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен азамат іздестірілуде

Экспресс К
pixabay.com

Алматыда бірнеше рет сотталған тұтқын тергеу изоляторынан қашып кетті, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 15 ақпанда 1987 жылы туған сотталған азамат  Дамир Давутов ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен қашқан.

"Аталған факті бойынша Алматы полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы (бас бостандығынан айыру орындарынан қашу,қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", делінген комитет хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚАЖ комитеті басшылығымен  қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

"Айта кету керек, ер адам бұрын бірнеше рет сотталып, осы іс бойынша ұрлық пен алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын", деді комитеттен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров