Нұр-Сұлтанда жеке сектор өртенді

Express Qazaqstan
ҚР ТЖМ

Нұр-Сұлтанда жеке сектор өртенді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бүгін сағат 9.48-де Нұр-Сұлтандағы ТЖД өрт сөндіру қызметіне Бозшолақ бұрылысы 8 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар келіп жетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде жеке үйдің шамамен 100 ш.м. алаңында шатырының өртеніп жатқаны белгілі болған. Жедел іс-қимылдардың арқасында қызыл жалын 10.41-де сөндірілді», - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол нақтылағандай, зардап шегушілер мен қаза тапқандар жоқ.

«Өртті сөндіруге үш бірлік техника мен жеке құрамдағы 20 адам жұмылдырылды», - делінген хабарда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров