Су тасу қаупі күшейіп тұр

Express Qazaqstan
ТЖД

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ

Көктем туғаннан қар қалың түсетін өңірлерде су тасу қаупі артады. Биыл да су тасқыны Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын әбігерге салды. Сергеев су қоймасына мөлшерден тыс су жиналып, ернеуінен асып кеткен. Тасқын су жолдарды шайып, өткел бермей бірнеше ауылда тұрғындардың жүріп-тұруы шектеліп, өзге ауылдармен қатынас үзілген. Метеорология мамандарының мәліметінше Шал ақын ауданындағы Водопроводное аулына апаратын жолдың көпірін су басқан. Жаңажол ауылы тұрғындарының да қозғалысы шектелген.

Қалың жауған қардың еріген суы Айыртау ауданындағы ауыларалық жолды басып, қиындық туғызып келеді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жағдайды жіті қадағалап, бақылауда ұстап отыр. Әзірге ағын су үйлерді баса қойған жоқ дейді.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Сәкен Ағзамов Бабық бұрлық, Шарық, Иман бұрлық өзендерінің де ағысы күшейіп тасуына байланысты әрекет ету топтары кезекшілікте жүргенін айтты. 

«Сілеті су қоймасының да деңгейі көтерілгендіктен Уәлиханов ауданына маманда аттанды» дейді С.Ағзамов.

Қазгидромет мамандары биылғы жылы да су тасу қаупі жоғары болаты деп отыр. Өйткені жерге қыста тоң 150 сантиметрге дейін тереңдеп қатқандықтан, жердің бетіндегі еріген қар суы топыраққа сіңбей бірден ағып кетеді.   Қызыл су көбейсе жолындағысының бәрін жайпап кетеді. Сергеев суқоймасынан асқан су бірнеше күннен кейін Петропавл қаласына да жетуі мүмкін. Өйткені суқоймаға келіп құятын өзендердің су көлемі нормасынан бірнеше есеге артып кеткен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров