Коттедждер мен көліктер отқа оранды: Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты

Express Qazaqstan
ТЖД

Алматы облысының Балқаш ауданы кешелі ауыздықсыз алаумен алысып жатыр. Желіде тараған фото, видеоларға қарағанда коттедждер мен балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Ресми мәлімет бойынша бір адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілгені белгілі.

WhatsAPP желісі арқылы түрлі видео тарап жатыр. Соның бірінде: «Завидовадан» (балық аулау базасы) бүкіл Дельта, Аралтөбеден бастап, ондаған шақырымға дейін өртеніп кетті. Түнде базаларда халық кезекшілік етеді. Қараөзек ауылы өртенді. Балқашқа дейінгі жағалаудың бәрі өртенді»,-дейді оқиға куәгері.

Тағы бір куәгер «нағыз экологиялық апат» болғанын жазған.

«Мыңдаған гектар қамыс қопалары өртенді. Жануарлар да өртенді. Бірнеше аң және балық аулау базалары өртенді. Малдар мен шошқалар өліп жатыр. Шошқалар қазір құмда жатыр, тіпті қашпайды, әлсіреген».

Завидова балық аулау базасының қызметкері Ольга өрт 12 сәуірде таңертең сағат 10-11 шамасында базаға жеткенін айтты.

«Мұндай жағдайда қауіпсіздік ережелерін бәрі біледі. Сондай-ақ өрт сөндіруге арналған техника да бар. Қызметкерлердің арқасында өрт 16.00-ге дейін толығымен оқшауланды, шамамен 10-15 адам өрт сөндіру сорғыларымен өртті сөндірді, гидранттар қолданылды. Бірде-бір ғимарат, бірде-бір қызметкер, қонақтар зардап шеккен жоқ»,-деді Ольга.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның берген мәліметі бойынша, өрт Алматы облысының Балқаш ауданында болған. Қазір өрт өзен атырабының батыс бөлігінен Іле өзенінің шығыс бөлігіне балық шаруашылығы субьектілері жоқ Іле-Балқаш резерватына қарай ауысқан.

12 сәуірде бас алған өрт әлі өшірілген жоқ. ТЖД жедел штабы құрылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров