Тараздағы ит құтқару операциясы

Express Qazaqstan
ТЖД

Тараз қаласының Сүлейменов көшесіндегі құрылыс материалдары толы контейнердің астында иттің қысылып қалғаны туралы хабар Жамбыл облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының жауынгерлерін аяғынан тік тұрғызды.

ЖҚЖ бас құтқарушысы Есжан Ахынов: «Біз оқиға орнына келіп, контейнердің түбіне шам жағып, не әрі, не бері қозғала алмай қалған, қысылған итті көрдік» – дейді. Біздің кез келген ісімізде таптырмайтын гидравликалық құралдың көмегімен контейнерді көтеріп, қысылған итті шығарып алдық.

Тұзақтан құтылып шыққан төбет құйрығын бұлаңдатып, өзінің барлық көрінісімен құтқарғаны үшін алғысын білдіргендей түр танытты. Оның табаны сынғаны белгілі болды. Байғұс итті «Айболит» клиникасына апаруға бей-жай қарамайтын әйел өз еркімен келді. Сол кісі ТЖ қызметіне қоңырау шалған екен. Төбетті де өзімен бірге үйіне алып кетуге уәде берді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров