Жем-шөп сатамын деген алаяқ

Express Qazaqstan
pixabay.com

Төрт түлікке арналған жем-шөпті көтерме бағамен сатуға  уәде берген алаяқты Тараз полицейлері ұстап алды.  

Тараз полиция басқармасының ОН-2 қызметкерлері жыл басынан бері жапа шеккен адамдардан бес өтініш түскен алаяқты ұстады. Барлық жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз бір азамат оларға мал азығын көтерме бағамен жеткізуге уәде беріп,  алдын ала төлем алғаннан кейін жоғалып кетіпті. Тәртіп сақшыларының есебі бойынша, айлакер 4,3 млн теңгені қалтасына басқан. Осымен бұл айлакердің әрекеті әшкереленді. Полицейлер 32 жастағы алаяқты ұстап алып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров