Спорт кешендерінің бірінде бойжеткен көз жұмды

Express Qazaqstan
rua.gr

Елорданың спорт кешендерінің бірінде келуші көз жұмды. Бассейнде 21 жастағы қыздың мәйіті табылды.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, спорт кешенінің жаттықтырушысы бірінші болып бойжеткеннің жансыз денесін байқаған. Бойжеткенді судан шығарып, тірілтуге талпынып көрген, алайда жәрдем көрсетуге келген дәрігерлер қайтыс болғанын констатациялаған.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Марқұмның бір реттік абонемент сатып алып келгені белгілі болды. Полиция тексеруді бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров