Түрмеден қашқан қылмыскердер қайда?

Express Qazaqstan
lentachel.ru

16 қаңтарда Қостанай облысына қарасты Рудный қаласындағы 161/11 қоныс колониясынан екі қылмыскердің қашып кеткен еді. 

Кешкі тексеру барысында кезекшіліктегі қызметкер түзеу мекемесіндегі сотталғандардың төрт көзі түгел еместігін байқайды. 

Тексеріп кеп жіберсе, екі бірдей   қылмыскер жоқ. Олардың орнын сипап қалған кезекші басшылықты құлағдар етіп, дабыл қағылады. Жеке құрам түрмеден қашқандардың   ізіне түсуге кіріседі. Рудный қаласын аяғынан тік тұрғызған оқиғаның бас кейіпкерлері 1986 және 1996 жылы туған қылмыскерлер түрменің терезесін сындырып сытылып кетіпті. Сотталғанға дейін Рудный қаласының жергілікті тұрғыны болғандықтан қаланың полиция басқармасындағылар күшейтілген режиммен іске кіріседі. Соны нәтижесінде қылмыскерлер ұсталды.

Қостанай облыстық полиция депатаментінің баспасөз қызметі қылмыскерерді қолға түсіру кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары, туыстарының бірін қалдырмай тексергенін айтады. Екеуінің үстінен тағы іс қозғалып, түрмеден қашқаны үшін жаза үстіне жаза жамалады енді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров