Алаяқ әйелдің амалы

Express Qazaqstan
Қанат Таймерденов / polisia.kz

Өзін Алтынаймын, дәрігермін деп таныстырған әйелдің қылмысы ашылды. Өзі Қытайда туған, бұрын сотталған қыз бала көтере алмаған әйелдерді бедеуліктен емдеймін деп, жұртты алдап ақша тауып жүріпті. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Канат Таймерденов өз парақшасында жариялаған. Ол күдіктінің суретін де салыпты.

Қ.Таймерденов «Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел баласыздарды бедеуліктен емдеуге уәде берді. Іс жүзінде 1986 жылы туған Н есімді азаматша ҚХР тумасы, іздеудегі қылмыскер. 

Ол - бұрын сотталған. Біздің Алматы облысындағы әріптестеріміз алаяқтық жасағаны үшін азаматшаны іздегені анықталды. Белгілі болғандай, сот билігінен жасырынып жүрген қылмыскер тағы бірнеше заңсыз әрекет жасаған. 

Өзін медициналық мекемелердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған ол, азаматтарға бедеулікті емдеуге және гинекология саласындағы басқа да ауыр медициналық манипуляцияларға уәде берген. Ол үшін алдын-ала сыйақы талап еткен. 

Зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін «Алтынай» деп таныстырады. Ол адамды қалай сендіру керектігін білген. Сондықтан әлеуетті пациенттер қулықты сезбеді және оның шарттарымен келісті. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша жүргізілуде. Біз оны одан басқа бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеміз. Сондықтан оның жүзін көпшілікке жария етеміз. 

Осы әйелдің әрекетінен зардап шеккен азаматтарға құзырлы орындарға арыздануға болады. Немесе мына телефондар арқылы хабарласу керек: 295-54-61; 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров