Білім басқармасының былығы

Express Qazaqstan
Майгүл Омарова

Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова құрықталды. 

Облыстық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан бөлек ақпараттық технология орталығының директоры Арапби Меңлібаевты ұстаған. Бұл туралы time.kz сайты хабарлады.

Олар мемлекеттік сатып-алу кезінде қашықтан оқу үшін оқушыларға арналған ноутбуктердің есебінен қалталарын қампайтқан көрінеді. Істе үшінші күдікті- Білім басқармасының қызметкері Бақыт Абдолданов та бар. Тергеу мәліметі бойынша, 2522 техниканы сатып алу үшін бірнеше ЖК-мен (жеке кәсіпкермен) 406 млн теңгеге келісім шартқа отырған.

Қазіргі уақытта Омарова, Меңлібаев пен Абдолданов үш түрлі тергеу изоляторында отыр. Олардан пара ретінде алған 37 650 000 теңге тәркіленіпті. Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров