Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырлды

Express Qazaqstan
politic.kz


Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік әлі мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ. Қаланың спорт басқармасын басқаратын Олег Почивалов Ресейдің де азаматы екені анықталды. Сондықтан ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар деген әңгіме бұған дейін де тараған. Ол кезде шенеунік бұл ақпаратты теріске шығарған. Алайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қалалық департаменті шенеуніктің азаматтығын анықтауды сұрап полицияға жүгінген екен. Шымкент қалалық полиция департаменті Олег Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтаған. Ал 20-шы қаңтар күні шенеунік азаматтағынан айырылды.

«Көші-қон басқармасының қортындысымен 1974 жылы туылған азамат Почивалов Олег Владировичке Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңның 21-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жәйті тіркелді»-деді Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева.

46 жастағы шенеунік былтыр маусым айынан бері Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келеді. Оған дейін Олег Почивалов «атыс түрлері бойынша Олимпиадаға дайындық орталығына» жетекшілік еткен екен. Қос азаматтығы бар адамның мемлекеттік қызметке қалай орналасқаны әзірге белгісіз.

Полиция тексеріп, сот азаматтықтан айырса да Олег Почивалов осы елдің азаматымын деуден танбай отыр. Тіпті өзге елдің азаматын жұмысқа қабылдаған Шымкент қаласының әкімдігі де шенеунікте Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайды. Қазір, уақытша еңбек демалысына кеткен шенеунік енді полиция департаментімен соттаспақшы.  

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров