Тағы да пирамида тұзағына түсті

Express Qazaqstan
liter.kz

Қарағанды облысында кезекті қаржы пирамидасының жұмысы әшкере болды. Жергілікті тұрғындар оған 80 миллион теңге ақшасын құйған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушылар құйған ақшаның үстінен жылына 18 пайыз табыс табуға болады деп салымшыларды үгіттеген »,-дейді ресми мәлімдемеде.

Осы жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 217 бабы «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Әзірге 180 азаматтың пирамида құрбаны болғаны анықталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров