Мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірген!

Express Qazaqstan
independent.co

Шымкентте 15 жасар оқушы өз сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілікті. Бұл туралы ктк телеарнасының жаңалықтары хабарлады.

Балаға марқұмның «қызыма тиіспе» деп ескерткені ұнамаған көрінеді. Ересек адамның сөзіне кек сақтап қалған 9-сынып оқушысы 42 жастағы азаматты көшеде күтіп тұрып, таспен ұрып құлатқан. Сосын әбден тепкілепті. Жасөспірімнің қолынан қаза болған марқұм бүгін жерленді.

Ал, оның жақындары күдіктінің жанында сыбайластары болған деп отыр. Отағасының денесі түнде үйінің маңынан табылды. 

«Бас сүйегі мылжа-мылжасы шығып, соңғы демін алып жатқанда ғана көріп үлгердік»,- дейді.

Ал, оның алдында сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын көргендер бар. Олардың таяқ ұстап тұрғанын да байқаған.

Күдікті марқұмның қызымен бір сыныпта оқиды екен. Жеткіншек қыздарға қырғидай тиетін бұзықтау бала болған екен. Одан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты. Сол үшін оған қыздың әкесі «аулақ жүр» деп ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

Кісі қанын жүктеген жасөспірім қазір қамауға алынды. Оқиға орнына жеткізіліп, әкесіндей адамды қалай ұрып өлтіргенін де көрсетіп берді. Сыныптасының әкесін ұрып өлтірген оқушыға қандай баппен іс қозғалғаны белгісіз. Сондай-ақ марқұмның туыстары айтқандай, қылмысқа өзге сыбайластары қатысқан ба, жоқ па, оны полицейлер айта алмайды. Қазір жалғыз күдікті қамауда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров