Жер опырылып, жүк көлігі астына түсіп кетті

Express Qazaqstan
Бейнеден кадр

Алматыда жер опырылып, жүк көлігі ішіне түсіп кетті. Бұл туралы ктк телеарнасы хабарлады. Оқыс оқиғадан бір адам зардап шекті. Ол сол маңдағы жеке кәсіпорынның қызметкері екен. Бас жарақатын алған науқас ауруханада орташа ауыр хәлде жатыр. Ал «Камаз» жүргізушісі дін аман. Жылу құбырына айтарлықтай зақым келген.

Жүк көлігінің жүргізушісі Сергей Коллегов болған жайды былайша баяндайды: «Тапсырыспе қиыршық тас әкелдім. Оны қайда төгетінімді көрсетті. Бұл жерде жылу құбыры орналасқан екен. Бұлар ол туралы білмеген сияқты. «жүкті осында төк»- деді. Артқа қарай жүре беріп едім, аяқ астынан көлігім жер астына құлай жөнелді. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым».

Оқыс оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінің аумағында болды. Мұндағы жылу құбыры жабындысы 27 тонна салмаққа шыдас бермей опырылып кеткен. Қиыршық тас тиелген жүк көлігі жерге жартылай кіріп кетті. Ал, көлік жүргізушісі дереу есігін ашып далаға атып шыққан. Өзі сап-сау болғанымен, жүк көлігі бүлінген. Енді оны қалпына келтіруді талап етпек. Ал, мейрамхана иелері бұл жағдайда қатысты жақ ашпады. Кейін көліктгеі құрылыс материалы трактордың көмегімен шығарылды. «Камаздың» өзін шығаруға кран жұмылдыруға тура келген.

Бүлінген құбырдың кесірінен аудандағы 450-ге тарта үй мен мекеме жылусыз қалды. Алматы қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жылу энергия кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Грин жарты күнде бәрі қалпына келеді деп сендірді: 

«Жүк көлігі жылу құбыры орналасқан аумаққа кіріп кеткен. Оның үстіндегі жабындысы ауыр салмаққа шақталмаған. Оқыс оқиғадан 336 көпқабатты үй, 86 жер үй, 9 денсаулық сақтау мекемесі, 10 балабақша мен 6 білім беру нысаны жылусыз қалды. Оны түнгі сағат 23-00-ге дейін қалпына келтіреміз.»

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров