Қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан қуылды

Express Qazaqstan
inbusiness.kz

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік ақыры жұмысынан қуылды. Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Олег Почиваловтың қызметінен босатылғанын Шымкент қаласының әкімдігі де растады.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почиваловта шет мемлекеттің азаматтығы болуына байланысты 2021 жылғы 25-ші ақпанынан бастап жұмыстан босатылды»- деп, хабарлады Шымкент қалысының әкімдігі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын, мемлекеттік қызметшілер арасында шетелдіктердің де бар екеніне алаңдаушылық білдірген. Президент айқын айтқанымен Олег Почиваловтың қалайша тұтас басқармаға басшы боп келгені түсініксіз. 46 жастағы шенеунік былтыр маусым айынан бері Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Оған дейін ол «атыс түрлері бойынша Олимпиадаға дайындық орталығына» жетекшілік еткен. Алайда оның қос азаматтығы бары анықталғасын, қалалық полиция департаменті тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Олег Почиваловтың расымен де Қазақстан және Ресей азаматы екені анықталып, сот шешімімен ресми түрде біздің елдің азаматтығынан айырылған. Бұған келіспеген шенеунік полиция депртаментін сотқа берген еді. Алайда өтірігі әшкере болған экс-шенеунік сотта жеңіліп, азаматтағынан түбегейлі айырылып тынды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров