Талдықорғанда сауық салған әкімдік қызметкері қызметінен босатылды

Express Qazaqstan
elitetruckrental.com

Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерінің басы дауға қалды. Осы демалыста караоке барда сауық салғандарды жергілікті блогер соңдарынан аңдып, жасырын түсірілім жасаған. Тіптен, видео авторы қалалық Құрылыс бөлімінің жетекшісі әйелін ұрып, мас күйінде көлік тізгіндегенін түсірген. Одан бөлек атышулы роликте Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары бар.

Видео авторының айтқаны рас болса, өз әйелін төмпештеп жатыр. Блогер ащы судан ұрттаған қалалық Құрылыс бөлімі жетекшісінің одан әрі көлікті тізгіндеп жолға шыққанын түсіреді. Орта жолда, полицейлер тоқтатып, сараптамаға алып кетеді. Алайда, әкімдік өкілінің рөлде өзі отырғанын мойындағысы жоқ.

Сол түні блогер Қайрат Әбдірахманның камера нысанына Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да іліккен. Бір қызығы карантинде рейд жүргізіп жүрген шенеуніктің өзі, түн ортасында караоке-клубты жағалап жүр. Бірақ, тексеру үшін емес. Блогердің өзі бұл аңдуын былайша түсіндіреді: «Сол күні «осындай караоке-клубта мынаншама акиматтың қызметкерлері отыр, демалып жүр» деп біздің инстаграмға жазды. Негізі бізде тек қана қалада емес, Алматы облысында талай оқырмандарымыз бар».

Әлеуметтік желіге жариялана сала шу шығарған видеоға қатысты Талдықорған қаласының әкімдігі пікір білдірді. Шынында, видеода Құрылыс бөлімінің жетекшісі мен әкім орынбасары екенін растады. 

«Бүгінгі күнге аталған оқиға бойынша Талдықорған қаласы әкімдігі қазіргі уақытта ішкі қызметтік тексеру жүргізуде. Тергеу қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады. Видеоның авторына ешқандай шағым түсірмейміз»- деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Блогер Қайрат Әбдірахман өзіне толассыз белгісіз нөмірлер хабарласып жатқанын айтады. Нақты қысым жоқ. Дегенмен, бүгін «әкімдікте бетпердесіз жүрді» деп шағым түсірген тұрғын арызының негізінде оны әкімдікке шақырып жатқанын жеткізді. Ал, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік Комиссиясының қорытындысымен басы дауға қалған қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбековаға «қатаң сөгіс» жарияланса, өз әйелін көшеде тоқпақтаған Құрылыс бөлімінің басшысы Мейір Нұрғалиев жұмысынан босатылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров