Ата-анасын сағынып, әскерден қашқан

Express Qazaqstan
Нұрасыл Арысбаев / © Дина МУХАРИНОВА

Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Нұрасыл Арысбаев Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан. 19 жастағы жігіт 5 күн бойы мал бағып, төрт түліктің қасында түнепті. Ал әскерден қашуын, «ата-анамды қатты сағындым» деп түсіндірді.

«Теміржолға түстім! Сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үй бәрі тегін. Сосын күніне 3-4 мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым»-дейді 85395 әскери бөлімнің сарбазы Нұрасыл Арысбаев.

Қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев осыдан бес күн бұрын әскери бөлімнен қашып кеткен. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда, түнделетіп бой тасалапты. Яғни жанындағы серігі ұйықтап жатқанда әскери бөлімнен сытылып кеткен. Бірақ қолында қаруы болмаған. Ол алғашында Алматыға қарай бет алған екен. Алайда кейін туған жері Шымкентке баруды жоспарлапты. Қазір Нұрасылдың қашу себебін полиция департаменті егжей-тегжейлі тексеріп жатыр. Десекте әскери бөлім өкілдері 5 күн бойы іздеуде болған сарбазға қатаң жаза қолданылмайды деп сендірді.

«Әскери бөлімді не себепті өз еркімен тастап кеткендігі жөнінде және оған қатысты працесуалдық іс-шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органға тапсырылды. оған әкімшілік жаза қолдануы мүмкін»-дей дейді 85395 әскери бөлім командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров