«Әйелдерге тиіспейміз». Қарағандыда тек ер азаматтарды тақырға отырғызған алаяқтар ұсталды

Express Qazaqstan
aikyn.kz

Қарағандыда тек ер азаматтарды ғана алдаумен айналысқан күдіктілер қулығын қалай асырғанын айтып берді. Олар карантинде екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды оңай алдап соққан. Ал, әйелдерге мүлде тиіспепті.

Қылмыстың барлығы тек телефон арқылы ғана жасалыпты. Күдіктілердің бірі азық түлік тасымалдайтын мекеме директоры, ал сыбайласы дәрігердің рөлін ойнаған. Хабарландыру арқылы жұмыс іздеушілермен жалған басшы сөйлесіп, жұмысқа қабылдайды. Тек дәрігердің 086 формалы анықтамасын көрсетсе болғаны. Қатаң карантин уақытында медициналық тексерістен өту мүмкін болмағаны белгілі. Осы кезде жалған дәрігер іске қосылады. Ол анықтама үшін келісілген соманы аударым арқылы алған соң, директор мен дәрігер із түссіз жоғалып отырған. Полицейлер бұл жұпқа алданғандар қатары өте көп екеніне сенімді. Әзірге алаяқтардың 6 қылмысы ғана дәлелденген. Өздері де алдағандарының санынан жаңылған сияқты.

«10 адаммен сөйлессек, соның 5-6 қармаққа түсіп отырды. Жалпы саны есімде жоқ. Алданғандардың бәрі ер адамдар. Арасында әйелдер болмады. Жоспар бойынша сыбайласымызбен әуел бастан-ақ, нәзік жандыларға тиіспейміз деп шешкенбіз»-деп ақталды күдіктілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров