Қазақстанның бес өңірінде оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген ақшаны жымқыру фактілері анықталды


Қазақстанның бес өңірінде 2020 жылы мектеп оқушыларына компьютерлер мен ноутбуктер сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатының жымқырылуы туралы алты факті бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Бұл туралы Биғайдаров жұма күні Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, қаражат білім беру процесінің онлайн-форматқа көшуіне байланысты мектеп оқушыларын, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін бөлінді.
"Бұл сотқа дейінгі тергеу-тексерулер ішкі мемлекеттік аудит актілерінің негізінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді ол.
Аталған қылмыстық істердің қай аймақтарда басталғанын Биғайдаров нақтылаған жоқ.
Бөлісу