Бір қап алтын ұрлағандар ұсталды

Express Qazaqstan
kazakhaltyn.kz

«Қазақалтын» кен байыту комбинатынан ұрланған бір қапшық алтын табылды. Құны 122 миллион теңге тұратын бағалы металды осы кәсіпорынның екі жұмысшысы үптеп кетіпті.

Оңай олжаны көздеген күдіктілер бұл қылмысқа жарты жыл бойы дайындалған. Яғни өз араларында «алтын бөлме» деп аталатын қоймада қай кезде тазартылған алтын болатынын әбден пысықтаған. Сосын сәті түскенде қабырғаны тесіп, қапшыққа салынған алтынды алып кетіпті. Ұрыларды полиция бір ай бойы іздеді. Кәсіпорынның 300 ге тарта жұмысшысы тергеліп, соңында 26 және 34 жастағы азаматтар күдікке ілінген. Тергеу кезінде олар бар кінәсін мойындады. Тіпті Жолымбет кентіндегі бос тұрған үйге жасырып қойған алтынды да көрсетіп берді. Бағалы металды әлі сатып үлгермеген екен.

«Қазақалтын» комбинатында орнатылған бейнебақылау камерасының бейнеқорын түгел қарау кезінде екі адамның әрекеті күдікке ілікті. Қазір олар қылмысын мойындады. Ұрланған алтынды айғақ зат ретінде тәркіледік. Күдіктілер бұрын сотталмаған азаматтар болғандықтан үй қамақта отыр. Тергеу жалғасуда»- дейді Ақмола облыстық ПД бастығының орынбасары Ерлан Қасым.

Бұрын хабарланғанАқмола облысында "Қазақалтын" кенішінен 122 млн теңгенің алтынын ұрлағандар іздестірілуде

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров