Пандемиядан пайда тапқандар

Express Qazaqstan
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Маңғыстауда карантинде кабинетте отырып-ақ үстемақы алған мамандар жауап беріп жатыр. Облыстық аурухана қызметкерлері коронавируспен күрес кезінде өздеріне заңсыз ақша жаздырып алыпты.

Яғни науқастармен тікелей жұмыс істемейтін кеңсе қызметкерлері 30 миллион теңгеден астам қаржыны өзара бөлісіп алған. Оқиға былтыр күзде болыпты. Індет өршіп тұрған шақта, мемлекет алғы шепте жүрген ақ халаттыларға қосымша ақша төлеген. Бірақ бюджеттен бөлінген бұл қаражатты облыстық аурухандағы бухгалтер, кадр мен экономикалық бөлімінің 14 қызметкері өздеріне жаздырып алған. Ал, заң бойынша коронавирусқа шалдыққан науқастармен етене жұмыс істемейтін кеңсе қызметкерлеріне мұндай ақша төленбеуі тиіс. Бүгінгі таңда үш адамға қатаң сөгіс берілді. Қалғандарына қатысты әзірге шешім шыққан жоқ. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр екен.

Ал, Ақмола облысында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды. Сүлен Ілиясов пандемия енді басталған кезде осы лауазымға тағайындалған. Бірақ екі ай бұрын өз еркімен жұмыстан кетті. Бас дәрігерге «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, талан –таражға салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу түріп жатыр. Яғни, ол онсыз да науқастарға жетпей жатқан жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға беріп, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров