2 млрд теңгенің мүйізі тәркіленді

Express Qazaqstan
ДП баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында құны 2 миллиард теңгеден асатын киік мүйізі тәркіленді. Дала еркесінің 800 ден астам мүйізін Бөкейорда ауданының үш тұрғыны көлігімен әкетіп бара жатқанда ұсталған.

Алайда қолға түскен аңшылар «біз киіктерді атпадық, тек өліп жатқандырының мүйізін кесіп алдық» деп ақталыпты. Өздері бұл кәсіппен былтыр күзден бері айналысып жүргендерін айтқан. Бірақ қызыл кітапқа енген жануардың бағалы мүйізін тиеп алғандардың сөзіне тәртіп сақшылары сене қойған жоқ. Үшеуі де қазір тергеліп жатыр. Полицейлер ірі көлемдегі мүйізді сатып алушыларды іздеуге кірісті. Ол үшін бірнеше сараптама тағайындалып, соның негізінде табиғат қаскөйлері киіктерді өздері атып алды ма, әлде өлекселердің мүйізін терді ме, сол жағы анықталады. Қалай болғанда да, олар жазадан құтылмайды. Өткені қызыл кітапқа енген түз жануарына тиіскеннің жазасы қатал. Ал, қолға түскен күдіктілердің қоршаған ортаға келтірген шығын көлемі 2 млрд-теңгеден асқан.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, киікті оның бөлшектерін, заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу,әкелу, әкету, жіберу, тасымалдау немесе жоюмен айналысқаны үшін, кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты 3- жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін»-дейді, Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров