500 бас жылқыны жымқырған

Экспресс К
pixabay.com

Қарағанды облысында 500 бас жылқыны жоқ қылған бақташылар ұсталды. Олар елдің бағуға берген жылқыларын жылдар бойы жымқырып, малын алуға келгендерге басқаның қосқанын ұстатып жіберген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

47 жастағы қос азамат 2007 жылдан бері Шет ауданында жылқы баққан. Алайда әккі бақташылар ен салынбай қосылған малдарға қырғидай тиіпті. Ал төрт түлігін түгендеуге келгендерге үйірдегі кез келген жылқыны көрсете салып отырған. Соғым алуға келсе көзіне түскенін сойып беріпті. Мал басы көбейіп жатыр деп масайрағандар, әр жылқыға айына мың жарым теңгеден төлеп бақтырған екен. Шындығында ол жылқылардың құмда ізі қалмағанын енді білген 50 ден аса адам сан соғып қалды. Тергеушілер 174 миллион теңгенің малы жоғалды дейді. Бірақ жылқышылардың шығынды қайтаратын қауқары жоқ көрінеді.

«Соның жұмысы ғой бағып жүрген, бірақ ақшасы жетіспегендіктен сатып жіберген шығар кісілерге. Мәселен жылқыны сатады, ақшасын жаратып тастайды. Баласының оқуын төлеген. Бұл ұрлық бір уақытта болған жоқ ол, сол 2007 жылдан басталған. Бір уақытта болса ол байып алар еді. Ал былай ол ақша жұмсала берген»-дейді Қарағанды облыстық ПД тергеу басқармасының тергеушісі Қанағат Сайлауұлы

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров