Тірі шақалақты тоңазытқышқа тыққандар сотталды

Express Qazaqstan

azh.kz

Атырау облысында бейкүнә баланы тоңазытқышқа тығып өлтірген дәрігерлер жазаланды. Жарты жылға созылған сот процесінде облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы мен 4 қызметкердің кнәсі толық дәлелденген.

Сондықтан судья Гүлмира Дәулетова экс-басшы Қауаныш Нысанбаевқа 18 жыл жаза кесті. Жеті эпизод бойынша айыпталған басты күдікті енді жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Ал баланың тірі екенін біле тұра көмек көрсетпеген акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, босану бөлімшесінің акушері Жәмиля Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тірі туылған шақалақты мұздатқышқа салып жатқанда көз жұма қараған неанатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева да жазасыз қалмады. Ол екеуінің үш жылға бас бостандығы шектелді.

Дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды қылмыс 2019 жылдың қыркүйек айында әшкере болған еді. Жемқорлық қылмысы үшін Қуаныш Нысанбаевтың телефонын тыңдап жүрген ұлттық бюро қызметкерлері жантүршігерлік жағдай туралы кездейсоқ естіп қалады.

Құзырлы орындар дереу перзентханаға жеткенімен, қатыгез дәрігерлер нәрестені мұздатқышқа салып үлгеріпті. Шақалақ өлі туылды деп құжат толтырғандар оның тірі екенін білгенде қағазды қайта жазуға ерініп қалған. Қанқұйлы бұйрық берген басшы сол күні-ақ қаладағы сауналардың бірінен ұсталды. Бірақ тергеу кезінде де сотта да Қуаныш Нысанбаев өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров