1-ші ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады

Express Qazaqstan
glbimg.com

ВАКЦИНАЦИЯ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

1-ші ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады. Үміт пен күдігі көп науқанға әр облыс барынша дайындалып жатыр. Бүгін Қарағандыда коронавирусқа қарсы вакцина егетін 115 кабинет ашылды.

Мұндағы әр бөлмеге қасқалдақтың қанындай қымбат дәрілерді сақтайтын арнайы тоңазытқыштар қойылып, оларды тасымалдайтын 125 термоконтейнер алыныпты. Бұл үшін облыс бюджетінен 180 миллион теңге жұмсалған. Ең бірінші болып Ресейлік «Спутник-V»вакцинасын Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жетекшісі салдырмақшы.

«Мен өзім егілемін одан басқа менің жолдасым бар туысқандарыма да айттым. Бізде жазда көп адам ауырды, көптегн отбасына бұл індет кесірін тигізді. Ал адам иммунитеті 6-8 айға дейін ғана төтеп бере алады бұл вирусқа. Қазір ақпан , наурыз айнда ауырған адамдардың иммунитеті төмендейді және нөлге теңеседі. Сондықтан бізде, біздің облысымызда ауру бомас үшін, осы вакцинаны егуден қашпау керек деп ойлаймын» дейді – Бибігүл Төлегенова.

Алайда вакцина салдырған адамда қандай кері әсері боларын әзірге дәрігерлердің өздері де білмейді. Сондықтан екпе кабинеттері жедел медициналық көмек көрсететін бөлмеге жақын орналасуы шарт. Егер ине салғаннын кейін жағдайы күрт қиындаса жансақтау бөлімінде қолданатын құрылғылар мен дәрі дәрмек дайындалған. Тіпті екпе кабинеттеріне бейнекамералар орнатылып, халықты вакцинациялау барысы бастан аяқ бақылауда болмақ. Бір қабинетте күніне 60 адамға вакцина салынады деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде 1500 адамға Ресейлік екпе салу көзделген. Кейін америкалық және отандық вакциналар да қосылады.

Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек қызметі, жансақтау бөлімі, жедел жәрдем бөлмелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері вакцинаны ала алады.

Екінші кезеңде 1 наурыздан бастап – орта мектептердің, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, медицина қызметкерлері алады.

Үшінші кезеңде, 1 сәуірден бастап – мектеп-интернаттардың мұғалімдері, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарға егіледі.

Ал 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қарттарға вакцина салынбайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров