Жұмыссыз қазақстандық ерлер қауымы альфонске айналуда

Express Qazaqstan

МАСЫЛ ЕРКЕКТІҢ МИССИЯСЫ

Жұмыссыз қазақстандық ерлер қауымы альфонске айналуда. Еліміздің ірі қалаларында «Кіріптар» жаңа мамандығы пайда болды. Әлеуметтік желілердің бірінде қалтасы қалың әйелдерді қармаққа түсіру үшін арнайы паблик ашылған. Мұнда Қазақстанның жас жігіттері өздерінің қарнын тойдырып, көңілін көтеретін қалталы әйелдерді іздейді. Олар жай ғана кездесуді қаламайды екен.

«Мен бай ауқатты әйелді іздеймін. Жас, әдемі, кәріс фильмдеріндегі актер жігіт сияқтымын», – деп жазады жігіттердің бірі.

Басқа хабарландыру аздап қарапайым, әрі ер азамтқа сай ұстанымды екен:

«Материалдық қолдауды қажет етемін. Бәрін жасай аламын».

Жарнаманың үшінші авторы да бәріне дайын. Сонымен қатар, ол «сақалды алып» екенін де жазыпты. Осыдан кейін мынадай ой туындайды: егер ол бәрін жасай алса, тепсе темір үзетін ер азамат, неге еңбек етпеске?

«Мен демеуші іздеймін. Денем таза, сақал-мұртым жоқ», – дейді тағы бір кіріптар.

Әрине желіде фотосурет көп. Солардың бірінде төсекте жатып түскені де бар екен. Сымбатты бұлшықеттері байқалмаса да, инстаграм желісіндегі бикештерге ұқсап керілген суырдың кейпін келтірген.

Осындай хабарландырулардың бір авторымен байланысқа шықтық.

Мені қол астына алатын ханымның көзіне шөп салмауға дайынмын! – деді Талғат. – Бәрі адал болады. Менде бір әйелмен жақсы қарым-қатынаста болдым. Мен оның пәтерінің бірінде тұрдым. Сондай-ақ ол маған айына 200 мың теңге төлеп тұрды. Мен ол ақшаны спорт ойындарына тігіп құртатынмын. Мен жұмыс істей алмаймын, әкімдікте де, даяршы ретінде де еңбек еттім. Кез келген жұмыста қатты күйзеліске ұшырайтынмын, сол сәттерде өмір сүргім келмейтін. Кіріптар болу менің нағыз жұмысым сияқты. Мен түске дейін ұйықтап, телехикая көруді әдетке айналдырғанмын. Жалпы, менің ойымша, бүкіл өмірінді жұмысқа арнау – дұрыс емес. Мүмкін бір күні өзімді мәжбүрлеп қолға алатын шығармын. Бірақ қазір емес» – деп сұхбат берді.

Соңғы кездері «демеуші» іздейтін жігіттер арасында бәсекелестік байқалып барады. Бұл бизнесте альфа-еркектер де пайда болған екен, олар жұмыссыздардың қатарына өз ықыласы бойынша емес, індет салдарынан қосылған сияқты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров