Жаңа кәсіптің қызығы мен шыжығы

Express Qazaqstan
statefarm.com

Сау жүргізуші – Нұр-Сұлтандағы ең іш пыстырмайтын жұмыстардың бірі. Әр түн сайын шопырлар ауысымға шыққанда таң атқанға дейін көптеген қызықты оқиғалар болатынын біледі.

Арман есімді астана тұрғыны сау жүргізуші болып бесінші жыл істеп келе жатыр екен. Оның тұрақты клиенттері де аз емес. Оның айтуынша 

«Біздің бизнесте бір ғана ерекшелік бар. Сау жүргізушіні бір рет шақырған клиент, кейін тек соны ғана шақырады, одан басқа ешкімді шақырмайды, тек бізге ғана сенеді» дейді.

Бір жолы, клиентінің хәлі нашар болғандығы соншама, оны пәтерінің есігіне дейін жеткізуге тура келген екен. Есігіне дейін жеткізген Арман оның жалғыз тұратынын байқап, үйіне кіргізіп, шешіндіріп, төсегіне жатқызып, үстіне көрпесіне дейін жауып кеткен екен. Ол аздай төсегінің басына тегешті де ыңғайлап қойып қойғандығын айтты.

Арман «Полицейлер бізді әр кеш сайын дерлік тоқтатады», - дейді.Кейде екі - үш рет тоқтатын кездер болады. Көлік салонынан қоңырсыған иістің мүңкіп тұрғанын бірден сезеді. Тәртіп сақшылары ағамызды бірнеше рет тексеріп, амалсыздан жіберіп жатады. Мұндай сәттерде клиенттердің төбесі көкке жетеді.

Көптеген клиенттер екі ұрттам шарап ішіп те біздерді шақырады. Арасында ерекше жағдайлар да бар, бір жолы түнгі клубтың түбін түсіретін сұлу сылқым шақырған екен.

Сұлу бикеш көлік ішінде жүргізушіні азғырып, көз салып, тіптен аймалап сүйе бастапты. Бұл қылығы жүргізушінің бағдаршам алдында кенет көлікті тежегенге дейін созылыпты, сол сәтте бикештің жүрегі айнып лоқсыпты.

Арман «Тіптен айту қиын, оның аузынан Ниагара сарқырамасы шыққандай болды. Бірден жаяужол бойына тоқтадым. Әрине, бұндай сәтте романтикалық кештің жалғасы туралы әңгіме болуы мүмкін емес» - дейді.

Бір күні тағы бір кісі шақырды, бірақ шақырған клиентім мерекелік отырыспен қоштасуға асықпады. Тіптен оған қоса «штрафтық стақан» ішуге көндірді. Соңында сол көңілді серіктестерге қосылып, басқа сау жүргізушіні шақырғанын айтып күлді.

Тағы бір күні клиентін алып үйіне жол тартқан екен. Үйіне жете бергенде жолаушының шошыған түрін байқапты, сөйтсе ол отырған мекемеде әмиянын ұмытып кетіпті.

«Қайтадан қайтуға тура келді, сонымен сол жолаушыны күтіп көлікте қалдым. Жарты сағат өтті, кейін бір сағат өтті, жоқ. Ақыры клиентім қайтып келді, бірақ қасында басқа адамы бар, жаңағы қасындағысы еңкейіп көліктің астын қарай бастады» - дейді.т

«Карта ойнап көлігімнен ұтылып қалдым» - деп түсіндірді клиент. «Бізді түнгі нотариуске апарасың, содан кейін көліктің жаңа иесін үйіне апарып тастайсың » деп тұр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров