Кранда жұмыс істеу де – әйелдің шаруасы

Express Qazaqstan
ERG баспасөз қызметі

«Трансремвагон» ЖШС-інде кран машинисі болып істейтін Ләззат Жүрсінәлинаның фотосуреті ERG-дің барлық дерлік корпоративтік басылымдарының бірінші бетіне шықты деуге болады. Ол өндірістегі әйел бейнесін көрсетіп тұр.

Ләззат «Трансремвагон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі еңбек жолын тазалыққа жауапты қызметкер болып бастаған. Бірақ вагон құрастыратын учаскедегі жұмысы еркектерге ғана тән деп саналатын мамандықты игеруіне себепкер болады деп ешкім ойламаған еді.

Мен өзімнің мамандығымды, жұмысым мен ұжымымды жақсы көремін, – дейді Ләззат Жүнісәлина. – Осындағы шеберлер маған сенің қабілетің ғимараттарда тазалық орнату ісінен де жоғары, бұдан да артық нәрсеге қол жеткізе аласың деп айтатын. Олардың сөзін тыңдай жүріп, өзіме деген сенім пайда болады. Сөйтіп, көпірлі кран машинисі мамандығын оқуға кірістім.

Ләззат өзінің ең алдымен әйел екенін ұмытпайды. Ол жұмысынан бос уақытында beauty-шебер мамандығына да машықтанып жүр.    

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров