Елімізде шетелдіктердің саяхат жасауына тіл жағынан кедергі бар

Express Qazaqstan

РОКИДІҢ КҮНДЕЛІГІ

Шетелдік туристер тіл жағынан кедергілер болғандықтан, елімізде саяхат жасай алмай жүр. Өйткені отандастарымыздың көбі ағылшынша білмейді.

Бұл туралы АҚШ-тан келіп, Нұр-Сұлтанда жұмыс істеп жүрген ағылшын тілі мұғалимасы айтты. Оның Rocky Journeys (Рокидің күнделігі) YouTube-арнасы бар. Онда өзі Қазақстандағы өмірі туралы әңгімелейді.

Егер сіз ағылшын тілді азамат болсаңыз, аудармашы-гидке көп ақша төлеуіңізге тура келеді, – дейді Роки. – Ақысы күніне 500 доллар. Ал Қазақсдағы табиғаты әсем жерлерінің бәрі шалғай орналасқан. Мен әлі керемет жерлердің көбін аралаған жоқпын.

Рокидің бұл тығырықтан шығудың жолын тапқан. Ол гидтермен автоматты түрлі жіберілетін хабарлама арқылы алдын ала келісіп қояды. Өткен күзде Көлсай көлі мен Түркістанға барып қайтыпты. Сондай-ақ, америкалық қыз қазір қазақ тілін үйреніп жүр.

Ал Қазақстан ағылшын тілін білу жағынан 100 елдің ішінде 93-ші орында (EF English Proficiency Index агенттігінің мәліметі бойынша) екен. Монғолия, Судан және Камерун бізден жоғары тұр.

Роки қазақстандықтардың смартфон арқылы төлем жасауға әдеттенгенін байқаған. Оны сондай төлем жүйесіне қосылуға құрбысы үйретіпті. Енді ол тіпті ақылы әжетханаға да сол жүйе арқылы ақша төлейді. Ал ұсақ тиындардың жоқтығы оған қиындық тудырған.

Жалпы, пандемиядан кейін елімізде ағылшынша білетін гидтерді көптеп дайындап, туристерге арналған онлайн-шот ашу мәселесін шешу керек.   

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров