Қазақ тілін дамытуға үлес қосып жүрген түрлі ұлт өкілдері

Express Qazaqstan
talent.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ештен кеш жақсы» дей келіп, еліміздің азаматтарын жаппай қазақ тілін үйренуге шақырды. Расымен де қазір оны үйренудің көптеген тәсілдері бар. «ЭК» соларды игеріп, қазақ тілінің кең таралуына түрлі әдіспен үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерінің біразын атап өткенді жөн көрді.

Татьяна Валяеваның сайты ең үздік оқыту ресурстарының бірі саналады. Мұнда грамматика, аударылған әдебиеттер, тұрмыстық сөздердің тілдескіші, сондай-ақ, ән мәтіндерінің аудармалары бар. Бұл ресурстың авторы – алматылық ақын әрі бағдарламашы Татьяна Валяева. Сонымен қатар, ол «Сөйлесейік» телеграм-арнасын жүргізеді.

Бұрынғы дәрігер Владислав Тен астанада тіл коучингі орталығын ашқан. Полиглот Тен қазақ тілінің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеп жүр. Ол Facebook-тегі өз блогына қызықты жазбалар жариялайды. Мысалы, жақында ол «нестеватсын» («не істеп жатырсың») сөзі өзбекшенің ықпалынан пайда болған деп үнемі айтылатын пікірді теріске шығарды.

Актриса Татьяна Турлай Instagram-да @tanya_turlai блогын жүргізеді. Ол өзінің скетчтерінде қазақ сөздерін көп қолданады. Мұндай роликтерді көрген адамдардың сөздік қоры еш қиындықсыз ұлғая түсетіні анық.

Қазақ тілі мен музыкасын дәріптеуші, танымал Акын Акыныч (Андрей Фендриков) Soyletube YouTube-арнасын жүргізеді. Шоумен қазақша жақсы сөйлейді. Аталған YouTube-арнаны Мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған. Сондай-ақ, бұл қор Soyle порталы мен осы аттас мобильдік оқыту қосымшасына жетекшілік етеді.

Алматылық тиктокер Айя Лидің (@ayalee.n) 95 мың жазылушысы бар. Ол өзін «кәдімгі ақ сары қызбын» деп атайды. Негізі, өте ақылды қыз. Ол күн сайын жарты минуттық ролик түсіріп, қазақтың танымал сөздері мен олардың айтылуын үйретіп отырады. Арасында түрлі идиомалардың корей тіліне аудармасы туралы да әңгімелеп бере алады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров