Астана тұрғыны Алматының тауларын бірден бағындыра ала ма?

Express Qazaqstan

ТАУДАҒЫ ТУРИЗМ

Қыстың күні Алматы маңындағы шыңдардың бірін бағындырудан асқан қызық бар ма, сірә? Осы жолдардың авторы солай ұйғарды да, астанадан келген пойыздан түсе сала тауға қарай тартып кетті. 

Мен бұл бенефисім үшін аса күрделі емес Бөрілі тауды таңдап алдым. Қазір оңтүстік астанада тауға саяхат ұйымдастыратын гидтер өте көп. Бағасы 2,5 мың теңгеден басталады. Жаңадан келгендер үшін Бөрілі тауға көтерілу оңайға соқпайды. Хабарландыруда солай деп жазылыпты. Бірақ альпинизм маған жат емес. Мен баяғыда Қазақ хандығының бесігі – Ұлытаудың (1131 метр) басына шыққанмын. Сол кезде әлі үйренбегендіктен аяғымның дірілдегені есімде.

Бөрілі тауға табаны тегіс, қалаға киетін бәтеңкемен бардым. Гид басын бір шайқады да, маған өзінің треккингтік таяғын берді. Онсыз тауға шығу мүмкін еместігін кейін білдім. Онсыз таудан түсу де мүмкін емес екен. Сосын, альпинистік бахила киіп алуым керек еді. Бәтеңкеме қар толып, тобығымды мұздатқанда, жаным шығып кете жаздады. Осы жерде альпинистік қадалар да артық болмас еді. Ал рюкзак алмағаным өте дұрыс болыпты. Су мен күнқағар көзілдірік қана алып шыққанмын. Мұндай көзілдірігің болмаса, тауда түк көрмей қаласың.

Жанымда сойқан бір турист болды. Он келі жүгі бар. Су, сайман, фотожабдық салған. Сонымен қатар, тұз, сіріңке, балта, белгі беретін зымыран, радио және Маркстің еңбектері бар. Ол маған осылай әр шыққан сайын үш келіге арықтайтынын айтты. Ал тауға шығып бара жатқанда оның көзінен мұңды байқадым.

Мың шақырымға көтерілгеннен кейін саф ауаны сездік. Ал төменде қалған Алматыны бес-алты шоғыр қара түтін басып тұрды. «Міне, біз осындай жерде тұрамыз» деп мұңая тіл қатты сойқан турист.

Біз солтүстік жағындағы сүйір бұрышпен көтерілгенбіз. Туристерге шырша бұталарының арасынан күн түсіп тұрды. Пейзаждар бірінен кейін бірі өзгеріп жатты. Әлеуметтік желіге фото жіберу үшін арасында тоқтап қоямыз.

Менің білгенім, мұндайда жетекші топтың басында болу керек екен. Өйткені ондағылар жиі демалады. Оларға арттағылар енді жете бергенде, алдағылар ары қарай жүріп кетеді.

Шыңның басында дәу тастар жатыр екен. Сол жерде тағы да фотоға түсу басталып кетті. Суретке түскіштер секірді, бетін қисайтты, шпагатқа отырды. Тамақ ішіп алған соң төмен қарай кеттік. Содан шым-шытырық басталды.

Таудың оңтүстік жағына жантақ өсіп кетіпті. Сөйтіп, жықпылдың арасымен шаң жұтып өтіп барамын. Аяғым талды. Құлай бастадым. Он рет құлағаннан кейін оны санауды да қойдым. Ал ылди тік бола түсті. «Жақсы драмадағы сияқты шарықтау шегі әлі алда» деді жас турист.

Жықпылдан кейінгі жолда қар жатыр. Сонымен сырғанап түсіп, жол қысқартуға да болар еді. Бірақ ол ары қарай бобслей трассасына айналып кетеді. Турист онымен аңғарға түсіп кетуі мүмкін.

Тау сілеміне жеткенде, аяғымды сезбей қалдым. Қар үстіне жата кеттім. Көзімнен жас шықты. Төменнен өзеннің гүрілі естіледі. Алда әлі жағалаудағы тастан тасқа секіруге тура келеді. Ал қанда гормон тасып тұр.

Таудағы туризм – демалыстың ең пайдалы түрі. Алғаш барған адам тауды қыста бағындыра алады. Бірақ гид болуы керек. Өз бетіңше саяхат жасау қауіпті. Тауда өз күшіңе сенудің қажеті жоқ. Сондықтан бағытты таңдағанда, ең төменінен бастаған жөн. Мысалы, инстаграмшылар арасында көне жапон жолы аса танымал. Ал егер таңертең жүгіретін әдетіңіз жоқ, қарныңыз шығып кеткен болса, сондай-ақ, альпинизмнің қыр-сырын «Эверест» фильмі арқылы меңгерген болсаңыз, онда тіпті Кеңестер шыңына да жоламаңыз. Медеудегі баспалдақтан бастағаныңыз абзал.

Көкжайлау шатқалында құрылыс жүргізуге наразылықтың оңтүстік астананы дүрліктіргені мәлім. Қарсы болғандар бұл жердің саяхат жасауға және серуендеуге оңтайлы екенін айтты. Ол рас. Бірақ жыл басында осы шатқалда бір ер адам өліп қала жаздады. Ол ылдиға қарай жүремін деп аяғын сындырып алған. Сондықтан экологиялық демалыстың да осал тұстары бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров