Петропавл қаласындағы шебер әйел төрт жыл бойы көне үстелге арналған дастарқанды майда моншақпен кестелеген

Express Qazaqstan
©ЭК/Елена ЧЕРНЫШОВА

Петропавл қаласының тұрғыны Людмила Скоробогатова салмағы сегіз килограмнан асатын майда моншақтан сәнді дастарқан жасады. Көп еңбекті талап ететін қол жұмысы төрт жылға жуық уақытты алды.

Кезінде әжесінің үйінде тұрған көне ағаш үстелге арнап қолөнер шебері бірегей дастарқан жасады. Балалық шағында Людмила осы үстелдің астында «үйшік» ойнағанды ұнатқан екен. Сол кезден-ақ тігінге әуес болыпты. «Алдымен қуыршақтарыма сәнді киімдер жасадым, содан кейін өзіме арнап түрлі киімдер тіккенім бар» - дейді. Людмила ханымның қолынан тігу, тоқу, өру, кесте тігу сияқтының бәрі келеді.

«Таныстарым өз көрмемді жасайтын уақыт әбден болды дейді, бірақ қолымда қалған дайын жұмыстар жоқ» – деп күледі Людмила. Ол заттардың барлығы сыйлыққа үлестіріліп, біразы тапсырыс бойынша жасалды. Көбінесе икондарды кестелеймін, осындай бір жұмыс үшін орта есеппен екі кеш қажет. Бірақ мен үшін одан да күрделі нәрсені кестелеу қызықты.

Төрт жыл бұрын қолөнерші ені мен ұзындығы бір жарым метр болатын майда моншақтан кестеленген дастарқанды жасауға шешім қабылдапты. Алғашында гүл өрнектерін жасадым, оны матаға аударып көшірдім, содан кейін қажетті реңктердің майда моншақтарын таңдадым. Осы тұста қиындықтар болды. Жетпей қалған майда моншақтарды сатып алуға тура келді, алайда дүкендерде дәл сол түстер табылмады. Түстердің реңкі келмей, айырмашылық болғандықтан қазымыр қолөнерші кестеленген майда моншақтарды сөгітіп, жаңадан сатып алған моншақтармен араластырып, қайтадан бастаған екен. Осындай керемет жауһар пайда болғанша Людмиланың көз жасы аз төгілмеген сияқты. Бірде мысық дастарқан үстіндегі су құйылған гүлсауытты аударып жібереді, содан матаға фломастермен салынған суреті жайылып кетеді. Қол еңбегімді сақтап қалу үшін химиялық тазалауға бардым, содан кейін майда моншақтардың бір бөлігін қайта ауыстырдым.

«Саусақтарым үнемі батырмай ауырып қалатын, себебі майда моншақтарға арналған инелер өте жіңішке, ал оймақпен жұмыс істеу ыңғайсыз. Сол себепті арасында саусақтарымның жаралары толық жазылғанша күтуге тура келді. Жазда бұл ісім тоқтап қалады, бақшадағы жұмыстардан қол тимейді. Ал қысқы кештер шығармашылық үшін арнайы жасалған сияқты» – дейді Людмила.

Қолөнер шебері түні бойы соңғы майда моншақтарын кестелеп бітіру үстінде отырды. Соңғы моншақты таңертеңгі 7.15-те қададым. Қуанышым қойныма сыймай бүкіл үйге айқайладым: «Алақай! Мен мұны жасадым!».

Сегіз килограмдық көздің жауын алатын сәнді дастарқан қонақ бөлмесіндегі сүйікті көне үстелді безендіріп тұр. Ал қолөнерші мулине (иірілген жіп) мен майда моншақтарды кестелеу арқылы екі техниканы үйлестіре отырып, біраз оңай болатын осындай тағы бір жауһар жасау идеясын жүзеге асыруды көздеп отырғанын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров