Індет. Жастар. Тіршілік

Express Qazaqstan
pixabay.com

Шаңхай университетінің магистрі. Халықаралық қатынастар маманымын. Қазақстанға қыстық демалысқа келгенім сол, бір аптадан кейін Қытай шекарасын жапты. Барлық заттарым өкінішке қарай, сол елде қалып қойды. Бес ай қашықтықтан оқып, дипломымды пошта арқылы алдым. Кенеттен келген індет мінезімді қатты өзгертті. Күнде үйдегілермен жиі ұрысып, келіспей қалатын кездеріміз көбейді. Ал қазір жұмысқа тұрып, жаңа ортамен таныстым. Төтенше жағдай шарасы жеңілдетілгеннен кейін, жиі тауға шығуды әдетке айналдырдым. Өзімді күйзелістен осылай жеңіп шықтым десем де болады.

сауалнама инфографика.jpg

Былтыр бүкіл әлем үшін ауыр жыл болды. Оны айтып жатудың қажеті жоқ. Дегенмен, карантин өмірімізге шектеу қойғанымен, мүмкіндіктің де жолын ашқандай. Мәселен, бұл жағдай жұртты жаппай қашықтық жүйесіне бейімдеді. Халық жұмысты үйінде, төрт қабырғаға қамалып отырып істеді. Алайда кейбір зерттеулерге сүйенсек, бұл өзгерістер адамға теріс психологиялық әсері мен күйгелектікке алып келеді екен. Бұл індеттің салқыны жастарға да оңай соқпағаны анық. Олар карантин кезінде немен айналысты? Жастар бос уақытын қалай өткізді? Қоғамның белсенді тобын үкімет шығарып алған жоқ па? Осы сұрақ туралы кішігірім сауалнама жүргізген едік.

Қуаныш Пернебек:

Жасым он алтыда. Колледждің 2-курс студентімін. Карантин кезінде ауылда болдым. Мал бағып, атам мен әжеме көмектестім. Грантта оқып, шәкіртақы алғандықтан, онлайн сабақты жібермей қатысып отырдым. Алайда интернеттің нашарлығынан сабақты бас алмай оқуға тура келді. Сонымен бірге  қашықтан оқыту маған күйзеліс әкеліп қана қоймай, басым жиі ауыратын болды. Жер үйде тұрамыз. Мал бағамыз. Уақытша шопан болып қой бақтым. Карантин кезінде мал баққаным өзіме көп тиімді болды. Үлкен қалада тұратындар пәтерінен аттап шыға алмай қалды. Ал ауылдағы біз үшін бұл жағдай жеңіл өтті деуге болады.

Ләззат Төлеухан:

Мен биыл жиырма жасқа келдім. Алматыдағы шет тілдер және іскерлік карьера университетінің 2-курс студентімін. Мамандығым – аударма ісі. Карантинге байланысты, сабағымызды қашықтықтан өтіп жатыр. Пандемияның алғашқы кезінде ата-анамның, яғни отбасымның жанында болдым. Кейін жаздық демалыс басталған соң құр жатпайын деп, жұмысқа тұрдым. Ақылы бөлімде оқитындықтан, жұмыс істеуіме тура келді. Жер-жерде жұмысшыларды жаппай қысқарту болғандықтан, өз мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым, практикадан да өте алмадым. Сондықтан, қоғамдық тамақтану орталығында есепші қызметін атқардым. Сабақ онлайн режимде болды, шамам келгенше қатысып отырдым. Дегенмен, сабаққа кірмей қалатын күндерім де жоқ емес. Мұғалімдерім түсіністікпен қарады. Осындай ауыр кезеңді елмен бірге жеңеміз деп үміттемін! Ең бастысы, сақтық шараларын ұстаныңыздар!

Нұрай Алмахамбет:

Нархоз университетін карантиннің бірінші толқынында тәмамдадым. Мамандығым – қаржыгер. Індет кезінде дипломдық жұмысымды жазып, 92 балл алдым. Алайда бұл балл маған оңайшылықпен келген жоқ. Диплом қорғау барысында біршама техникалық ақаулық кездесті. 4 жыл бойы күткен диплом табыстау шарасы да әдеттегідей өтпеді. Шектеу талабына дейін мамандық бойынша жұмыс істейтінмін. Яғни екі күн жұмыста, екі күн үйде болдым. Басқаларға қарағанда, менің жұмысым тоқтаған жоқ. Сол себепті бұл кезең маған аса қатты сезілмеді. Әрі ақшадан таршылық көрген жоқпын. Демалыс күндері өзімді дамыту бойынша түрлі онлайн курстарға қатыстым. Бәріміз білетіндей, жеткізу қызметі жақсы дамығандықтан, өзімнің қызығушылығыммен тапсырысқа тамақ пісіріп, біраз ақша жинадым. Оны аз десеңіз, жұрт індеттен қорқып жүргенде, мен Дубайға барып саяхаттап қайттым. Бір қызығы, ол жақта індеттен сақтану тәртібі бізден қатаң көрінді. Жалпы, 2020 жыл мен үшін жаңа мүмкіндіктің бастауы болды.

Әсел Рақымбай:

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров