Қазақстандық олигарх, ERG ортақ иеленушісі Алиджан Ибрагимов дүниеден озды

Express Qazaqstan
forbes.kz

Белгілі қазақстандық олигарх, Eurasian Resources Group (ERG) ортақ иеленушісінің бірі Алиджан Ибрагимов дүниеден озды, деп хабарлады ERG баспасөз қызметінен.

"2021 жылдың 3 ақпанында ERG  негізін қалаушылардың бірі, директорлар кеңесінің мүшесі Алиджан Рахманұлы Ибрагимовтың 67 жасында қайтыс болғанын хабарлаймыз", делінген компания хабарламасында.

Компания Ибрагимовтың өліміне коронавирус себеп болды, деген ақпаратты жоққа шығаруда.

БАҚ-тың хабарлауынша, Ибрагимов Қазақстанда коронавируспен ауырып, Бельгияда емделді.

Алпыс жеті жастағы Алиджан Ибрагимов Александр Машкевич және Патох Шодиевпен бірге Eurasian Resources Group (ERG) 60% ие болған.

Сондай-ақ Ибрагимовке "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ (оған Еуразиялық банк, "Еуразия"сақтандыру компаниясы кіреді) үлесі тиесілі болды.

"Forbes Қазақстан" басылымының деректері бойынша Ибрагимов 2020 жылдың қорытындысы бойынша 900 млн доллар қаражаты негізінде Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде 5-ші орында болған.

ERG-өндіру, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында интеграцияланған кәсіпорындары бар табиғи ресурстарды өндіретін әртараптандырылған ірі компания. ERG Eurasian Natural Resources Corp тау-кен компаниясына иелік етеді. ERG Қазақстан, Еуропа, Африка және Бразилиядағы активтерді бақылайды ондағы 40%  Қазақстан үкіметіне тиесілі, қалған үлес жеке инвесторлар-Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовтерде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров