Журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүние салды

Экспресс К
almaty.tv

Қазақ телевизиясы қара жамылды. Бүгін таңда жетпіс жасқа қараған шағында Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды. Ғұмырын журналистикаға арнаған жан телевизия саласында 45 жыл еңбек етті.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының құрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы».

Әр жылдары «Құрдастар», «Жас жігер», «Қолтаңба», «Бетпе-бет», «Заң сөйлесі», «Нұр-Тілеу» т.б бағдарламаларды жүргізді.

2006-2007 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы болды. Одан кейінгі жылдары басқарма төрағасының кеңесші қызметін атқарған.

Барша туған-туыс, жақындары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров