Еліміздегі алғашқы ГЭС-тердің бірінің фотосуреттері Францияда сақталған

Express Qazaqstan

Зырян ауылының шығыс жағы

Биыл Алтай (бұрынғы Зырян) қаласына жақын орналасқан жаңа Тұрғысын ГЭС-і іске қосылмақ. Негізі Тұрғысын өзені осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын бағындырылған еді. Бұл тарихи іс тау-кен инженері Пьер Копьенің фотосуреттерінде бейнеленген. Олар Францияда жүз жылдан астам уақыт бойы сақталып келген.

Айта кетейік, біз сөз еткен Тұрғысын ГЭС-і 1902 жылдың наурыз айында салынған. Бірақ сол жылдың мамырында тас бөгетті жойқын тасқын жарып өткен. Ол жерде франциялық "Мосье Жиро" компаниясы жасаған бетондардың қирандылары әлі күнге дейін жатыр.

Ол фотоөнерге құмар болған. Сондықтан көп сурет түсіріпті. Фотосуреттердің бірінің артында "Зырян" жеп жазылып тұр. Оның Қазақстандағы қала екенін білгеннен кейін тау-кен инженерінің шөбересі біздің елге аттанады. Ол бұрынғы Зырянға ғана емес, соған көрші жатқан Кутиха ауылына да барады. Қирап жатқан бұрынғы Тұрғысын ГЭС-ін аралайды. Сөйтіп, жергілікті табиғаттың әдемілігіне қайран қалыпты.

Пьер Копьенің шөбересі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Зырянның қандай болғанын көрсететін фотосуреттерді ала келген.

Мұндай фотоқұжаттар бізде болмап еді, — дейді Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатының қызметкері Сәуле Тілеубергенова. — Зыряновское ауылы өркениеттен жырақта орналасқан болатын. Фотоаппарат деген ол кезде өте қат дүние. Ал инженер Копье басты тарихи сәттерді әдемілеп түсіріп алыпты. Мұрағатта құрылыс кезінде бір нәрсені тартуға өгіздер жегілген деген дерек бар. Ал инженер Копьенің фотосуретінде түйелер де жүр. Басқа бір суретте қазақ, француз және орыс отбасыларының бірге отырғаны бейнеленген. Бұл біздің ата-бабаларымыздың тығыз араласып өмір сүргенін көрсетеді. Қазіргі біз сияқты олар да табиғатқа шығып демалғанды ұнатқан. Оған самауырларын алып барған. Түсте күннен қорғану үшін бастырма жасаған. Пьер Копьенің фотосуреттерінің түпнұсқасын өлкетанушы Владимир Миков сканерлеп алып, біздің мұрағатқа тапсырды.

2010 жылдың жазында Шығыс Қазақстанға Франция азаматы Пьер Жозеф Копье келген еді. Ол арғы атасы — тау-кен инженері Пьер Копьенің өмір сүрген жерлерін көрмек болған. Ал атасын 1890 жылы Зырян кен орнын өңдеу ісіне жалдаған. Келісім-шарт 1902 жылға дейін жасалыпты. Сондықтан Пьер Копье Тұрғысын ГЭС-інің құрылысына да қатысып үлгерген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров