Ақмола облысы
Бурабайда «тайраңдаған» қасқырлар


YouTube.com сайтынан кадр
Әлеуметтік желіде Бурабайда алаңсыз алшаң басқан бір топ қасқырдың видеосы қызу талқыға түсті. Түз тағысы камера нысанына іліккен кадрларды walk.burabay парақшасы жариялады.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қасқырлар 30 қаңтардың кешінде мұз қатқан Бурабай көлінде жүрген. Видеоны анықтап қараса, жортып бара жатқан жеті қасқырды санауға болады.
Дегенмен, желі қолданушыларының бұл жайтқа қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі расында жыртқыштардың бұл жүрісіне аң-таң қалысса, екіншілері бұл иттер деп топшылады. Әзірге , құзырлы органдар осы дерекке қатысты ресми ақпарат таратпады.
Бөлісу