Пашинян Армения ҚК Бас штабының бастығын қызметінен босатты

Express Qazaqstan
Армения Республикасы Премьер-Министрінің сайты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетуді талап еткен Армения Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Оник Гаспарянды қызметінен босатты.

"Бүгін мен Оник Гаспарянды қызметінен босату туралы шешімге қол қойдым. Мен бұл мәлімдемені әскери төңкеріс әрекеті ретінде бағалаймын", - деді Пашинян өзінің Facebook парақшасында.

Пашинян әскерилерді шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыруға, қырағылықты жоғалтпауға шақырды.

"Барлығы бақылауда. ӘК саясатпен айналысуы және саяси мәлімдемелер жасауы жөнсіз", - деп атап өтті ол.

Армения премьер-министрі өз жақтастарын үкімет ғимараты орналасқан Ереванның орталығындағы Республика алаңына жиналуға шақырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров