Джорджия зауытында сұйық азоттың ағып кетуіне байланысты бес адам қайтыс болды

Express Qazaqstan
foxcarolina.com

Холл округіндегі (Джорджия, АҚШ) азық-түлік зауытында сұйық азот ағып кеткеннен кейін он адам ауруханаға түсті, кем дегенде, бес адам қайтыс болды,  деп хабарлайды WSB-TV жергілікті билікке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, ағып кету Prime Pak Foods зауытында бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Мәскеу уақытымен 18:00) болған. Бастапқыда билік өкілдері зауытта жарылыс болды деп есептеді, бірақ кейінірек оқиғаның себебі азоттың ағып кетуі екені белгілі болды.

Түстен кейінгі баспасөз мәслихатында жергілікті шенеуніктер зауытта төрт адам қайтыс болғанын, 10 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін, онда тағы бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Джорджияның солтүстік - шығысындағы Денсаулық сақтау жүйесі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандардың үшеуі ауыр жағдайда, бесеуі қанағаттанарлық жағдайда, бір зардап шеккен адам ауруханаға бара жатыр.

Ауруханаға түскендердің арасында Гейнсвилл қаласынан үш  және Холл округінің бір өрт сөндірушілер бар.

Зауыттан эвакуацияланған тағы 130 адамның жағдайы амбулаториялық деңгейде бағаланады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров