Қырғызтан президентінің баспасөз хатшысы ұсталды

Express Qazaqstan
ГКНБ

Бопсалаймын деп сан соқты. Қырғызстан республикасы президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрғазы Анарқұлов пара алу үшін бопсалады деген күдікке ілініп, іле шала қамауға алынды. Тәбетін тойдырар қомақты қаржыны қалтасына басса, мемлекеттік қызметтің басқарушы тізгінін ұстатуға септеспек болыпты-мыс. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. "Нұрғазы Анарқұлов өз пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдаланғаны анықталды. Мемлекеттік қызметтің біріне басқарушы орынды алып беру үшін қомақты қаржы сұраған. Ақшаны алғасын мәселені оңтайлы шешуге уеде берген" дейді Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Осы жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 326 бабы бабымен (пара бопсалау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нұрғазы Анарқұлов 2020 жылдың 30 қазанында Президент аппараты Ақпараттық саясат бөлімінің жетекішісі қызметіне кіріскен. Оған дейін "Майдан.kg" сайтының бас редакторы, "Атажұрт", "Мекеншіл" партияларының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров