Брюссель метросында белгісіз адам бірнеше адамды пышақпен жарақаттады

Express Qazaqstan
tellerreport.com

Брюссель метрополитеніндегі Моленбек-Сен-Жан коммунасында  пышақпен қаруланған ер адам метро жолаушыларына шабуыл жасады, деп хабарлайды бельгиялық БАҚ.

Олардың мәліметі бойынша, ол бірнеше адамды жаралаған.

Шабуыл Батыс вокзал метро станциясында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында болды (20:00 нст).

Бельгиялық БАҚ-тың хабарлауынша, полиция шабуылдаушыны "бейтараптандырды".

Өз кезегінде РТБФ радиостанциясы тәртіп сақшыларына сілтеме жасай отырып, шабуылдаушының ұсталғанын хабарлайды.

Полиция сондай-ақ бұл террористік шабуыл емес екенін атап өтті.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров