"Синьхуа": Қытай полициясы жалған Сovid-19 вакцинасының таралуын тоқтатты, 80-нен астам адам қамауға алынды

Express Qazaqstan
english.alarabiya.net

Қытай полициясы 80-нен астам адамды тұтқындады және зиянкестер коронавирусқа қарсы вакцина ретінде берген препараттың 3 мыңнан астам дозасын тәркіледі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Күдіктілер өткен жылдың қыркүйек айынан бастап шприцтерді кәдімгі тұзды ерітіндімен толтырып, оны вакцина түрінде жоғары бағамен сатты.

Жалған вакцина сатушылардың желісі анықталды, олар Пекин, Шанхай және Шығыс Шандун провинциясында жұмыс істеді.

Қытайдың ағылшын тілінде шығатын Global Times газеті Қытайдың ірі вакцина өндірушісіне жақын дереккөзге сілтеме жасай отырып, әлемдегі вакцина тапшылығын пайдаланып, жалған сатушылар оны шетелге жіберуге ниет білдірген болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров