Таяу Шығыс елдерінде жауған қар COVID-19 вакцинациясы мен жол қозғалысын қиындатты

Экспресс К
trtworld.com

Сирия, Ливан, Иордания және Израильде сәрсенбі күні қар жауып, жол қозғалысының бұзылуына, коронавирустық вакцинация науқандарының кешіктірілуіне және кейбір университеттерде емтихандардың кейінге қалдырылуына әкелді, деп хабарлайды Associated Ргеѕѕ агенттігі.

Сирияның көп бөлігі, соның ішінде астанасы Дамаскта қар жауды. Сувайда провинциясының тауларында қар жамылғысының қалыңдығы 15 см болды, ал Хама провинциясында жолдарды бульдозерлер көмегімен тазартуға тура келді. Дамаск университеті сәрсенбіде және бейсенбіде Сириядағы барлық филиалдарында емтихандарды тоқтатты.

Көрші Ливанға "Джойс" дауылының салдарынан 85-тен 100 км/сағ-қа дейін жел соғып, қатты жаңбыр жауып, биылғы жылы ең қатты қар жауды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты елдің шығысы мен солтүстігінде онға жуық жол жабылды. Бейсенбіде дауыл тек күшейеді деп күтілуде.

Израиль метеорологиялық қызметі сәрсенбіде елдің көптеген аймақтарында қатты найзағай мен төмен температураны, ал таулы аудандарда қар жауады деп болжайды.

Иорданияда ауа-райының қолайсыздығына байланысты коронавирустық вакцинация тоқтатылды, мектептер мен университеттер сабақтарды кейінге қалдырды. Кейбір аудандарда желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ден асты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров