Рогозин: Байқоңырда ұрланған жабдықтың құны 5 мың рубльді құрайды

Express Qazaqstan
ren.tv

"Байқоңыр" ғарыш айлағының консервацияланған алаңынан ұрланған жабдық құнды емес, деді Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин.

"Байқоңырдың Қазақстанға тиесілі  апат жағдайындағы объектісінен 1988 жылдан бері жұмыс істемейтін құны 5 мың рубль ескі жабдығы бар шкаф ұрланған", деп жазды Рогозин телеграмм каналда.

Кеше жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығы Байқоңыр полициясының ғарыш айлағының 110-шы алаңынан құрал-жабдықтардың ұрланғанын тексеріп жатқанын хабарлаған. Одан  "Энергия" зымыраны ұшырылады.

Орталықтан түсіндіріп өткендей, ол орын ұзақ уақыт бойына консервацияда тұр, жабдықтардың көп бөлігі кеңестік заманда бөлшектелген, ал қалған бөлшектер қазіргі уақытта өнеркәсіпте пайдаланылмайды.

Кейіннен Рогозин ұрланған жабдықтың Қазақстанға тиесілі екенін, ал  ол орынның пайдаға жаратуға дайындалып жатқанын хабарлады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров