Швецияда пышақпен қаруланған ер адам сегіз адамды жарақаттады

Express Qazaqstan
© Reuters

Швецияның оңтүстігіндегі Ветландта жас жігіт  адамдарға пышақпен шабуыл жасады, кем дегенде сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды “Афтонбладет” Швеция полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жараланғандардың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді, деп атап өтті полиция. Зардап шеккендердің бір бөлігі ауруханаға жатқызылды.

Полиция ұстау кезде оқ атып, шабуылдаушыны жарақаттады, ол тірі, оны да ауруханаға жіберді. Ол бақылауда. Алайда, одан әлі жауап алынған жоқ, ал оның мұндай қадамға баруының себебі әлі анық емес.

Швед полициясы тергеу жүргізіп жатыр және бұл террорлық шабуыл екенін жоққа шығармайды.

Шабуылдың орны қоршалған, полиция қаланың басқа аудандарын күзетуде, куәгерлер сұралып жатыр.

Оқиға күннің екінші жартысында болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров