Хакерлер Қырғызстан президентінің әлеуметтік желідегі парақшасын бұзып, оның атынан пікір қалдырған

Express Qazaqstan
© Sputnik

Белгісіз біреулер Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың әлеуметтік желідегі аккаунтын бұзған, деп хабарлады бейсенбі күні "Интерфаксқа" Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Галина Бәйтерек.

"Жапаровтың Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына белгісіз біреулер кірген. Олар аталған парақшадан түрлі посттардың астына пікір қалдырды", - деп мәлімдеді Бәйтерек.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының өз аккаунтынан жарияланған соңғы пікірлерге қатысы жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров