Грузияда AstraZeneca вакцинасынан кейін комаға түскен медбике қайтыс болды

Express Qazaqstan
© Sputnik

Тбилиси клиникасында 27 жастағы медбике Меги Бакрадзе қайтыс болды, ол бір күн бұрын коронавирустық инфекцияға қарсы AstraZeneca вакцинасын алған соң комаға түскен болатын.

Қайтыс болған адамның туыстары журналистерге хабарлағандай, дәрігерлер оны құтқара алмады, жүрегі тоқтап қалған.

Бір күн бұрын денсаулық сақтау министрі Екатерина Талаквадзе журналистерге науқаста анафилактикалық шоктың болғандығын айтты.

Сонымен бірге Талаквадзе Грузияда AstraZeneca вакцинасын салдырту  жалғасады, деп мәлімдеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров